АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ел азаматтарын бірлік күнімен құттықтады.
"Бұл мереке ұлтаралық келісім мен достықты, шығармашылық дамуға деген шынайы ұмтылысты білдіреді", - деді ол.
Дипломат 150-ден астам ұлттар мен ұлт өкілі тұратынын, елде әртүрлі мәдениет пен әдет-ғұрыпты құрметтеудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі береке мен бірліктің кепілі екенін еске салды.
"Биыл елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға баға жетпес үлес қосып келе жатқан орган - Қазақстан халқы Ассамблеясына 0 жыл толды. Ассамблея қызметінде бейнеленген теңдік пен келісім қағидаттары барша Қазақстан халқына жол көрсетуші жұлдыз болып қала берсін", - делінген құттықтауда.
Елші ресейлік дипломатиялық миссия атынан барша қазақстандыққа зор денсаулық, мейірімділік пен қуаныш, ал бауырлас Қазақстанға одан әрі гүлдену тіледі.