https://sputnik.kz/20250501/toqaev-otandastaryn-qazaqstan-khalqy-birligi-merekesimen-quttyqtady-53045593.html
Тоқаев отандастарын Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады
Тоқаев отандастарын Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді, деді ол 01.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-01T09:42+0500
2025-05-01T09:42+0500
2025-05-01T09:44+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1001/55/10015592_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_de497ba9c0f12fdbd7ce17fe048fbd96.jpg
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандстарын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады; деп хабарлайды Ақорда. "Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр", - деді Тоқаев. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді."Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді. Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі. Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!", - деді президент.
https://sputnik.kz/20250501/bugin--qazaqstan-khalqynyn-birligi-kuni-53033333.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1001/55/10015592_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_b2a401de9e0fbd556eac110a83ad34d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев отандастарын Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен құттықтады
09:42 01.05.2025 (жаңартылды: 09:44 01.05.2025) Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді, деді ол
АСТАНА, 1 мамыр - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандстарын Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады; деп хабарлайды Ақорда.
"Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам. Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр", - деді Тоқаев.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді.
"Халқымыздың ауызбіршілігі мен тілеулeстігінің арқасында мемлекетіміз дамып, қолға алынған ауқымды реформалар табысты жүзеге асырыла береді. Еліміз теңдікке, өзара сенімге және мәдени әралуандылықтың жасампаз әлеуетіне арқа сүйеп, ел бірлігін одан әрі нығайта түседі. Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын!", - деді президент.