АСТАНА, 1 мамыр – Sputnik. Әкімдіктердің балалар құқығын қорғау басқармалары мен бөлімдерінде жаңа құрылымдар пайда болады.
Білім министрлігі мұндай бөлімшелерді үкімет мақұлдағанын хабарлады.
Штат бірліктері әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман есебінен бөлінетін болады. Осылайша, ведомство "әр бала қорғалатын жүйенің негізін" жасайды.
"Білім министрлігі қамқоршылық органдарының барлық мамандары үшін оқыту тренингтерінің циклын іске қосты", - деп атап өтті ведомство.
Сондай-ақ министрлік қорғаншылық және қамқоршылық жүйесін реформалау "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының жеке бөлімі болатынын хабарлады.