Жоғары жалақыдан табыс салығы көп төленеді – мәжіліс заңды қабылдады

Ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көтеріледі
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жаңа Салық кодексін екінші оқылымда қабылдады. Оның аясында жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Прогрессивті шкала:
жалақы бойынша 8500 АЕК-ке дейінгі табысқа – 10% (жылына 33,5 млн теңгеге дейін), одан жоғары болса – 15%;
дивидендтер түріндегі кірістер үшін 230 000 АЕК дейін – 5% (1 млрд теңгеге жуық) және одан жоғары болса – 15%;
резидент емес жеке тұлғалардың кірістері үшін: 600 000 АЕК дейін – 10%, одан жоғары болса – 17%.
Сондай-ақ ойын бизнесі мен банктер үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көтеріледі. Ал банктер үшін кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуден түсетін кірістер бойынша мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде қалды.
Мәжіліс қосылған құн салығына қатысты өзгерістерді қабылдады