Жеңістің 80 жылдығы

Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитеті бас хатшысы Астанадағы әскери парадқа келеді

Тоқаевтың шақыртуымен келетін То Ламның Қазақстанға мемлекеттік сапары 5-7 мамыр күндеріне жоспарланған
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады.
7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Жыл соңына дейін Қазақстан мен Вьетнамның сауда айналымы 1 млрд долларға жетеді - Тоқаев