https://sputnik.kz/20230821/toqaev-vetnam-prezidentimen-kelissoz-zhurgizdi-37822174.html
Жыл соңына дейін Қазақстан мен Вьетнамның сауда айналымы 1 млрд долларға жетеді - Тоқаев
Жыл соңына дейін Қазақстан мен Вьетнамның сауда айналымы 1 млрд долларға жетеді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 21.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-21T11:11+0500
2023-08-21T11:11+0500
2023-08-21T11:26+0500
қасым-жомарт тоқаев
вьетнам
ресми сапар
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37821382_0:71:1280:791_1920x0_80_0_0_cb1cd0352fec6a05f32d95b9ae426bcd.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс айтып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті.Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде Вьетнам алғаш рет сапармен барды.Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.Өз кезегінде Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.Ол Тоқаевтың Вьетнамға жасаған алғашқы ресми сапары екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді."Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін", - деді Во Ван Тхыонг.Вьетнам перезиденті Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес санайтынын жеткізді."Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз", – деді Вьетнам президенті.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/15/37821382_66:0:1214:861_1920x0_80_0_0_96c734e701be1a35e4b3f2f7e2151663.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, вьетнам, ресми сапар
қасым-жомарт тоқаев, вьетнам, ресми сапар
Жыл соңына дейін Қазақстан мен Вьетнамның сауда айналымы 1 млрд долларға жетеді - Тоқаев
11:11 21.08.2023 (жаңартылды: 11:26 21.08.2023) Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Вьетнам президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс айтып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде Вьетнам алғаш рет сапармен барды.
"Мен бұл сапарыма баса мән беремін. Қазақстанда сіздің елге және Вьетнам халқына зор құрметпен қарайтынын атап өткім келеді. Вьетнамның экономикалық жетістіктері елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз және Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Ол Тоқаевтың Вьетнамға жасаған алғашқы ресми сапары екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенім білдірді.
"Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін", - деді Во Ван Тхыонг.
Вьетнам перезиденті Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес санайтынын жеткізді.
"Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз", – деді Вьетнам президенті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.