АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстан президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранты, сондай-ақ алғысы жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да беріледі, деп хабарлады президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
"Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Айта кетері, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.