Су тасқыны: президент БАҚ пен блогерлерге ескерту жасады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 сәуір - Sputnik. Тоқаев халыққа үндеуінде қайғы жұтқан халықты дүрліктірмеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын", - деді президент.

Президент құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысын айтты.
Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді, деді ол.
Жаңалықтар
0