"Астана банкінің" бұрынғы акционері Олжас Тоқтаров сырттай 10 жылға сотталды

Тәркіленген активтердің жалпы сомасы 14 млрд теңгеден асты
Sputnik
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Сот оны жалған агенттік қызмет көрсету және Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың бақылауындағы компанияның пайдасына заңсыз иеліктен шығару түріндегі банктің ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, дейді сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Тәркіленген активтердің жалпы сомасы 14 млрд теңгеден асты.
"Сондай-ақ, оның қарамағындағы филиалдың, бөлімнің бұрынғы басшылары мен банк менеджерлерінің арасынан кінәлі деп танылғандар бар. Қылмыстық қудалау органымен және сотпен ынтымақтастықты, кінәні мойындауды және құқыққа қайшы әрекеттерді ашуға жәрдемдесуді ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындады", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, "Астана Банкі" 2008 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеп, кейін лицензиядан айырылды.
Жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі жарияланады – заң жобасы таныстырылды