Жеңістің 80 жылдығы

Жеңістің 80 жылдығы: Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр

7 мамыр күні өтетін әскери шеруге 66 ұшу аппараты қатысады
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Астанада өтетін Жеңіс шеруіне дайындық аясында Нұркен Әбдіров атындағы 610 авиациялық базада әскери авиация жаттығып жатыр, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр
Әуеде Су-30СМ көп мақсатты жойғыш ұшақтары, Л-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары және Л-410 көп мақсатты ұшақтары жаттығып жатыр.
"Экипаждар ұшу, қону және жоғары пилотаж элементтерін, оның ішінде іс-қимылдардың барынша дәлдігі мен үйлесімділігін талап ететін күрделі фигураларды пысықтады. Әр маневр миллиметрге дейін тексеріледі", - дейді ведомство.
Барлық күш-жігер парадта әуе күштерінің әлеуетін, техникалық шеберлігі мен жоғары кәсібилігін көрсетуге бағытталған.
Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр
Авиациялық база қолбасшылығының деректері бойынша дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүзеге асырылып жатыр. Онда ұшу бағдарламасының барлық элементі толық пысықталмақ.
Парадтың әуе бөліміне бірнеше ондаған ұшу аппараты қатысады. Оған қатаң іріктеуден және мамандандырылған даярлықтан өткен ұшқыштар жіберілді.
Айта кетері, Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Астанада өтетін парадқа әскери әуе күштерінің армиялық авиациясы келді