https://sputnik.kz/20250429/zhenistin-80-zhyldygy-qaragandyda-askeri-aviatsiya-paradqa-dayyndalyp-zhatyr-52969610.html
Жеңістің 80 жылдығы: Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр
Жеңістің 80 жылдығы: Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
7 мамыр күні өтетін әскери шеруге 66 ұшу аппараты қатысады 29.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-29T18:41+0500
2025-04-29T18:41+0500
2025-04-29T18:41+0500
жеңістің 80 жылдығы
әскери парад
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52968628_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_96941d1898629a17623050d67ae49993.jpg
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Астанада өтетін Жеңіс шеруіне дайындық аясында Нұркен Әбдіров атындағы 610 авиациялық базада әскери авиация жаттығып жатыр, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.Әуеде Су-30СМ көп мақсатты жойғыш ұшақтары, Л-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары және Л-410 көп мақсатты ұшақтары жаттығып жатыр.Барлық күш-жігер парадта әуе күштерінің әлеуетін, техникалық шеберлігі мен жоғары кәсібилігін көрсетуге бағытталған.Авиациялық база қолбасшылығының деректері бойынша дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүзеге асырылып жатыр. Онда ұшу бағдарламасының барлық элементі толық пысықталмақ.Парадтың әуе бөліміне бірнеше ондаған ұшу аппараты қатысады. Оған қатаң іріктеуден және мамандандырылған даярлықтан өткен ұшқыштар жіберілді.Айта кетері, Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді.
https://sputnik.kz/20250418/zheniske-80-zhyl-astanada-otetin-paradqa---askeri-aue-kushterinin-armiyalyq-aviatsiyasy--keldi--52611285.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1d/52968628_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_5932c44ff55e10849fdef5cd8e8191eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери парад, 9 мамыр – жеңіс күні
әскери парад, 9 мамыр – жеңіс күні
Жеңістің 80 жылдығы: Қарағандыда әскери авиация парадқа дайындалып жатыр
7 мамыр күні өтетін әскери шеруге 66 ұшу аппараты қатысады
АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Астанада өтетін Жеңіс шеруіне дайындық аясында Нұркен Әбдіров атындағы 610 авиациялық базада әскери авиация жаттығып жатыр, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Әуеде Су-30СМ көп мақсатты жойғыш ұшақтары, Л-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары және Л-410 көп мақсатты ұшақтары жаттығып жатыр.
"Экипаждар ұшу, қону және жоғары пилотаж элементтерін, оның ішінде іс-қимылдардың барынша дәлдігі мен үйлесімділігін талап ететін күрделі фигураларды пысықтады. Әр маневр миллиметрге дейін тексеріледі", - дейді ведомство.
Барлық күш-жігер парадта әуе күштерінің әлеуетін, техникалық шеберлігі мен жоғары кәсібилігін көрсетуге бағытталған.
Авиациялық база қолбасшылығының деректері бойынша дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қатаң жүзеге асырылып жатыр. Онда ұшу бағдарламасының барлық элементі толық пысықталмақ.
Парадтың әуе бөліміне бірнеше ондаған ұшу аппараты қатысады. Оған қатаң іріктеуден және мамандандырылған даярлықтан өткен ұшқыштар жіберілді.
Айта кетері, Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді.