АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан бозбала көз жұмды. Ал 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Арада екі ай өткен соң, 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған. Адвокаттары оған қысым болмағанын мәлімдеді.
Жерлеу рәсімінде Шерзат Полаттың әкесі жанжал шығарып, кейін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.