Шерзаттың әкесі мен куәгердің беттесуі: екі тарап бір-бірінің сөзін жоққа шығарды

Дүкенде екі қыз менің сыртқа шығуыма кедергі келтірді, дейді Қаржаубай Нұрымов
Sputnik
АЛМАТЫ, 28 сәуір – Sputnik. Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Эльмира Нұрбекованың беттесуі жазылған бейнежазба көрсетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін бас араздығымыз болған жоқ деген екі тарап дәл оқиға болған күнгі жағдайды баяндады.
"Дүкенде бұл екі қыз менің сыртқа шығуыма кедергі келтірді. Екі қыздың бірі Равильге бір зат берді, не зат екенін білмеймін", - дейді Қаржаубай беттесуде.
Алайда куәгер Қаржаубайдың бұл айтқанымен келіспеді.
"Біз дүкенге кіргенде екі жігіт тұрды, кім екенін білмеймін. Сатушы кісі ашулы болды, бізге темекі сатпайтынын айтып, шығарып жіберді", - дейді Эльмира Нұрбекова.
Қаржаубай да Куәгер Нұрбекованың айтқанымен келіспеді. Осылайша екі тарап бір-бірінің айтқанын жоққа шығарды.
Куәгер Эльмира Нұрбекова тергеуші алдында да, Қаржаубаймен беттесуде де берген айғағынан таймады. Бұл бейнежазбада көрсетілді. Ол сот отырысында соны қайталаумен болды.
Шерзаттың ісі бойынша сот: адамдарға оқ жаудырған кім