АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазгидромет мамандары ауа температуасының нөлден төмен түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон жылдам өтіп кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
Осылайша, 29–30 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен түседі.
Айта кетері, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты өрт қаупі күшейеді.