Ауа температурасы нөлден төмен түседі – синоптиктер болжамы

© Sputnik/Ертай СарбасовАуа температурасы нөлден төмен түседі – синоптиктер болжамы
Ауа температурасы нөлден төмен түседі – синоптиктер болжамы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен түседі
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Қазгидромет мамандары ауа температуасының нөлден төмен түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон жылдам өтіп кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
Осылайша, 29–30 сәуір күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір–1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен түседі.
Айта кетері, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты өрт қаупі күшейеді.
Ауа райы қолайсыздығынан елорда жолдарында 100-ге жуық апат орын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Ауа райының қолайсыздығынан Астанада 100-ге жуық жол апаты болды
Жаңалықтар
0