Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем мөлшері өседі

Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады
Sputnik
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай төлем мөлшері ұлғайтылды:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден;
Тыл еңбеккерлеріне — 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді) беріледі.
Бұл шешім Алматы қалалық Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.
Барлық төлем автоматты түрде аударылады — арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.
Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады.
Айта кетері, 2022 жылдан бері Алматыда ардагерлерге берілетін бір реттік төлемдер жыл сайын көбейтіліп келеді. Былтыр ардагерлерге 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді