Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматыда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем мөлшері өседі

© Photo : пресс служба Алматинского гарнизона102-й день рождения отметил ветеран ВОВ в Алматы
102-й день рождения отметил ветеран ВОВ в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.04.2025
Жазылу
Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады
АСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай төлем мөлшері ұлғайтылды:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден;
Тыл еңбеккерлеріне — 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді) беріледі.
Бұл шешім Алматы қалалық Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.
Барлық төлем автоматты түрде аударылады — арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.
Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады.
Айта кетері, 2022 жылдан бері Алматыда ардагерлерге берілетін бір реттік төлемдер жыл сайын көбейтіліп келеді. Былтыр ардагерлерге 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.
Парк 28-ми гвардейцев-панфиловцев в Алматы, церемония возложения венков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді
Жаңалықтар
0