Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Италия премьер-министрімен Украинада бейбітшілік орнату мәселесін талқылады

Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Италия премьер-министрі Джорджа Мелони мен Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне барған Украина басшысы Владимир Зеленский Украинада бітімге қол жеткізу мәселесін талқылады, деп хабарлады РИА Новости.
Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың арағайындық жасауға талпынысын қолдайтынын білдірді.
"Кездесу барысында ел басшылары Трамптың Украинаға қауіпсіздік, егемендік және бостандық болашағына кепілдік бере алатын әділ және берік бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы күш-жігерін қолдайтынын тағы да мәлімдеді", - делінген Киджи сарайының мәлімдемесінде.
Италия премьер-министрі атысты тез арада және сөзсіз тоқтату қажеттігін, сондай-ақ Ресей бітімгершілік үдерісін бастау үшін нақты міндеттемелер қабылдау қажеттігін атап өтті.
"Премьер-министр Украинаның тез арада атысты тоқтатуға толық дайындығын құптады. Енді Ресей де бейбітшілікке дайын екенін нақты көрсетеді деп есептейді", - деп толықтырды министрлер кеңесі.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Финляндия президенті Ресейді атысты тоқтатуға келісуге шақырды