Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Финляндия президенті Ресейді атысты тоқтатуға келісуге шақырды

Финляндия
Финляндия - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стубб өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлескенін хабарлап, Ресейді толық және сөзсіз атысты тоқтатуға келісуге шақырды. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Әдеттегідей, досым Владимир Зеленскиймен сөйлесу жанға жайлылық сыйлады. Біз қалыптасқан жағдайды, соның ішінде алдағы күндерді де талқыладық. Украина толық және сөзсіз атысты тоқтатуға келісті. Ресей де... солай істеуі керек. Финляндия мен Украина әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнату жолындағы жұмысын жалғастыруда", - деп атап өтті Стубб.

Бұған дейін АҚШ президенті тараптарға энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауды 30 күнге тоқтату туралы ұсыныс жасаған еді. Ресей президенті Владимир Путин бұл бастаманы қолдады. Владимир Зеленский де Украинаның энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдарды тоқтату ұсынысын қолдайтынын айтты. Бірақ келесі күні Ресей Қорғаныс министрлігі Киев Кубаньдағы мұнай базасына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасағанын хабарлады.
Сәуір айының басында Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштері ресейлік энергетикалық нысандарға шабуылды бір күн де ​​тоқтатқан жоқ деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0