Тоқаев портта болған қайғылы оқиғаға байланысты Иран президентіне көңіл айтты

Жарылыстан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт "Шахид Раджаи" теңіз портындағы трагедияға байланысты Иран президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының "Шахид Раджаи" теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
26 сәуірде жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Алдын ала мәлімет бойынша 750 азамат зардап шекті.
Өзбекстанда мешітте жарылыс болды