АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Шымкент прокурорлары 8 млн теңгеге жуық алимент қарызын өндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеру барысында 6 жыл ішінде 7 905 638 теңге көлеміндегі алиментті себепсіз төлемеген "О" есімді борышкер анықталды.
"Борышкер сот шешімін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп жазылған хабарламада.
Аудан прокуратурасы аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен қылмыстық істі тіркеп, іс метриалдарын сотқа жолдаған.
Сот отырысында борышкер жәбірленушімен татуласып, алимент қарызын толық көлемде өтеуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті.