Жеңістің 80 жылдығы

Астанадағы әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе шеруі болады – министрлік

Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді
Sputnik
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Астанадағы әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе кемелерінің шеруі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің ең әсерлі сәті аспанда көрсетіледі.
"Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді. Әскери ұшқыштар күнделікті жаттығуда тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен көрерменді әскери техниканың үйлесімділігімен, көркемділігімен және күшімен таңғалдыру үшін ұшудың барлық қырын пысықтауда", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Астанадағы әскер парад 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өтеді. Алаңға аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер шығарылады.
Жеңістің 80 жылдығы
80 десантшы-жауынгер Қазақстан атынан Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады