Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанадағы әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе шеруі болады – министрлік

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2025
Жазылу
Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Астанадағы әскери парадтың ең әсерлі сәті әуе кемелерінің шеруі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің ең әсерлі сәті аспанда көрсетіледі.
"Астана аспанында майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшу аппараты сап түзейді. Әскери ұшқыштар күнделікті жаттығуда тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен көрерменді әскери техниканың үйлесімділігімен, көркемділігімен және күшімен таңғалдыру үшін ұшудың барлық қырын пысықтауда", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Астанадағы әскер парад 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өтеді. Алаңға аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер шығарылады.
80 десантшы-жауынгер Қазақстан атынан Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
80 десантшы-жауынгер Қазақстан атынан Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады
Жаңалықтар
0