АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университеті Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаппай жүгіру ұйымдастырды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ден астам әскери қызметші жаппай жүгірді
Оған университеттің жеке құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ден астам әскери қызметші жаппай жүгірді
© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
"Бүгінгі жарыс – майданда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу, әрі бүгінгі күнге аман жеткен соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет", - деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асқар Мұстабеков.
Айта кетейік, шараға үш жүзден астам адам қатысты.