АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Тимур Жантикин мен Әсет Махамбетов Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айта кетері, елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылған болатын. Ведомство Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынады және есеп береді. Агенттіктің төрағасы болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалған болатын.