Жеңістің 80 жылдығы

Таразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді

Әскерилердің күшімен кіреберістің төбесі жөнделді. Баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды
Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің әскери қызметшілері соғыс ардагері Иван Макеев тұратын көп қабатты үйдің сыртын ретке келтірді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жыл сайын майдангерге баруды әдетке айналдырған әскери қызметшілер Иван Федорович тұратын бес қабатты үйдің кіреберісіне алаңдайтын. Биыл әскерилер жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған.
Таразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді
"Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің міндетіміз. Кіреберістің қасбетін жөнге келтіру бізге қиындық туғызған жоқ", - дейді капитан Сержан Жақыпсейтов.
Әскерилердің күшімен кіреберістің төбесі жөнделді. Баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды.
98 жастағы Иван Федорович әскери құрылысшыларға көрсеткен жәрдемі үшін дән риза.
Майдангердің қызы Ольга әскерилер жүргізген жөндеу жұмыстарына Иван Федорович қана емес, сол үйдің барлық тұрғындары шын жүректен алғыс білдіргенін жеткізді.
Жеңістің 80 жылдығы
Ұлытау облысында тыл ардагерлеріне 200 мың теңгеден әлеуметтік төлем беріледі