Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Таразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіТаразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді
Таразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Әскерилердің күшімен кіреберістің төбесі жөнделді. Баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жамбыл аудандық пайдалану бөлімінің әскери қызметшілері соғыс ардагері Иван Макеев тұратын көп қабатты үйдің сыртын ретке келтірді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Жыл сайын майдангерге баруды әдетке айналдырған әскери қызметшілер Иван Федорович тұратын бес қабатты үйдің кіреберісіне алаңдайтын. Биыл әскерилер жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған.
© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіТаразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді
соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Таразда әскери қызметшілер соғыс ардагерінің үйіне жөндеу жүргізді
"Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің міндетіміз. Кіреберістің қасбетін жөнге келтіру бізге қиындық туғызған жоқ", - дейді капитан Сержан Жақыпсейтов.
Әскерилердің күшімен кіреберістің төбесі жөнделді. Баспалдақтар қалпына келтіріліп, қабырғалар сыланды.
98 жастағы Иван Федорович әскери құрылысшыларға көрсеткен жәрдемі үшін дән риза.
Майдангердің қызы Ольга әскерилер жүргізген жөндеу жұмыстарына Иван Федорович қана емес, сол үйдің барлық тұрғындары шын жүректен алғыс білдіргенін жеткізді.
Ордена и медали ВОВ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Ұлытау облысында тыл ардагерлеріне 200 мың теңгеден әлеуметтік төлем беріледі
Жаңалықтар
0