Солтүстік Қазақстанда Тепличное ауылының тұрғындарын эвакуациялау жүріп жатыр

Эвакуация 25 сәуір сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі
Sputnik
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды СҚО әкімдігі.
"Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды. Олар Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде.
СҚО әкімшілігі барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады.
Тепличное ауылындағы бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр