АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. 2025 жылы шілдеде Атырау облысында "Atyrau Chicken" серіктестігінің құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.
Құс фабрикасы жылына 5 000 тоннаға дейін құс етін өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 9,9 млрд теңге. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі – 100%.
Төрт құс қорасы мен құрама жем зауыты салынған, ал қасапханада іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Еліміздің құс етіне деген қажеттілігі 79% қамтамасыз етілген. Бұл – өңірдегі алғашқы ет бағытындағы құс фабрикасы. Осындай жобалардың арқасында екі жыл ішінде бұл тапшылықты толықтай жаба аламыз", — деді ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.