Атырау облысында жылына 5000 тоннаға дейін құс етін өндіретін фабрика іске қосылады

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуАтырау облысында жылына 5000 тоннаға дейін құс етін өндіретін фабрика іске қосылады
Атырау облысында жылына 5000 тоннаға дейін құс етін өндіретін фабрика іске қосылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2025
Жазылу
Жобаның жалпы құны – 9,9 млрд теңге
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. 2025 жылы шілдеде Атырау облысында "Atyrau Chicken" серіктестігінің құс фабрикасы іске қосылады, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігі.
Құс фабрикасы жылына 5 000 тоннаға дейін құс етін өндіруге қауқарлы. Жобаның жалпы құны – 9,9 млрд теңге. Бүгінде нысанның дайындық деңгейі – 100%.
Төрт құс қорасы мен құрама жем зауыты салынған, ал қасапханада іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Еліміздің құс етіне деген қажеттілігі 79% қамтамасыз етілген. Бұл – өңірдегі алғашқы ет бағытындағы құс фабрикасы. Осындай жобалардың арқасында екі жыл ішінде бұл тапшылықты толықтай жаба аламыз", — деді ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Автозавод в г. Костанай. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Қостанай облысында биыл автокөлік шығаратын бірнеше зауыт ашылады
Жаңалықтар
0