АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Жамбыл облысы Түрксіб станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.
"24 сәуірде сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл вагондар жеке меншіктің вагондары. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомство.
Компанияның мәліметінше, апат салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілген.
Қазіргі уақытта оқиға неден болғаны тексеріліп жатыр.