Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті
Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Зардап шеккендер жоқ
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Жамбыл облысы Түрксіб станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.
"24 сәуірде сағат 05:40-та Түрксіб станциясында жүк вагондары рельстен шығып кетті. Бұл вагондар жеке меншіктің вагондары. Зардап шеккендер жоқ", - дейді ведомство.
Компанияның мәліметінше, апат салдарын жою үшін Тараз және Шу станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жедел жіберілген.
Қазіргі уақытта оқиға неден болғаны тексеріліп жатыр.
Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2024
Атырау облысында күкірт тиелген вагондар рельстен шығып кетті
Жаңалықтар
0