Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен 11 нысан салынады

Құрылысқа 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 сәуір - Sputnik. Ұлытау облысында қайтарылған активтерге жаңа нысандар бой көтереді, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қазақстанда заңсыз сатып алынған активтер қайтарылып, оған жаңа нысандар салынып жатыр.
Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті ұрланған активтерді мемлекетке елімізден бөлек, шетелден де қайтарды.
"Арнайы қордың арқасында Ұлытау облысына 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа 11 маңызды нысан салынбақшы. Олар биыл пайдалануға беріледі", - дейді ведомство.
Астанадағы стадионды жаңадан салуға қайтарылған активтер есебінен 17 млрд бөлінді