АСТАНА, 24 сәуір-Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер бірінші вице-министрі Ақан Рахметуллин мен оның ресейлік әріптесі Сергей Вершинин қауіп пен сын-қатерлер жайын талқылады.
Мәскеудегі кездесуде дипломаттар қауіпсіздік саласындағы жағдайдың дамуына баға берді, Таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлады Ресей СІМ.
"Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ресей-Қазақстан әріптестік ынтымақтастығын, оның ішінде БҰҰ, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ қоса алғанда, негізгі жаһандық және өңірлік халықаралық аумақтарда үйлестіруді арттыруға ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.
Дипломаттар Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуға аралық диалогтың жандануы сеп болатынын айтты.