Қазақстан СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады

© Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстан СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады
Қазақстан СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2025
Жазылу
Тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады
АСТАНА, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен келешегін, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстан мен Ресейдің сындарлы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2024
Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Жаңалықтар
0