Үкімет Олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беру туралы шешім қабылдады

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асады
Sputnik
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы үкімет қаулысы қабылданды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
"Үкімет Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген.
Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.
Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асады.
Сметов, Қырғызбаев: Маңғыстау облысының әкімі олимпиада жүлдегерлеріне сыйлық жасады