https://sputnik.kz/20241013/smetov-qyrgyzbaev-mangystau-oblysynyn-akimi-olimpiada-zhuldegerlerine-syylyq-zhasady-47814275.html
Сметов, Қырғызбаев: Маңғыстау облысының әкімі олимпиада жүлдегерлеріне сыйлық жасады
Сметов, Қырғызбаев: Маңғыстау облысының әкімі олимпиада жүлдегерлеріне сыйлық жасады
Sputnik Қазақстан
Олимпиада жүлдегерлері өңірге дзюдодан Халықаралық Ашық Азия кубогына арнайы қонақ ретінде қатысу үшін барды 13.10.2024, Sputnik Қазақстан
2024-10-13T14:14+0500
2024-10-13T14:14+0500
2024-10-13T14:14+0500
олимпиада ойындары
елдос сметов
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0d/47814110_0:26:1280:746_1920x0_80_0_0_4245112e8d06498987af8705c4c7e6e3.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай олимпиада жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметіӨңір басшысы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада дзюдодан алтын медаль иеленген Елдос Сметовты, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты, сондай-ақ биыл дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері маңғыстаулық Азат Күмісбаевты қабылдады.Кездесуге Елдос Сметовтың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те қатысты.Нұрдәулет Қилыбай халықаралық спорт аренасында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, жеңістерімен құттықтады.Аймақ басшысы жеңімпаздарға Маңғыстау облыстық Дзюдо федерациясының атынан арнайы сыйлықтар табыстады.Айта кетейік, 12-13 қазан күндері Ақтау қаласындағы "Халық арена" спорт кешенінде Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Халықаралық Ашық Азия кубогы өтеді. Дзюдо шеберлері арнайы қонақ ретінде қатыспақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0d/47814110_126:0:1155:772_1920x0_80_0_0_f2e8a30cb027c40ece66185555c1d48b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары, елдос сметов
олимпиада ойындары, елдос сметов
Сметов, Қырғызбаев: Маңғыстау облысының әкімі олимпиада жүлдегерлеріне сыйлық жасады
Олимпиада жүлдегерлері өңірге дзюдодан Халықаралық Ашық Азия кубогына арнайы қонақ ретінде қатысу үшін барды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай олимпиада жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі
Өңір басшысы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада дзюдодан алтын медаль иеленген Елдос Сметовты, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевты, сондай-ақ биыл дзюдодан жастар арасында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері маңғыстаулық Азат Күмісбаевты қабылдады.
Кездесуге Елдос Сметовтың бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те қатысты.
Нұрдәулет Қилыбай халықаралық спорт аренасында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, жеңістерімен құттықтады.
"Жақсы бала елге қаратады, жаман бала жерге қаратады" демекші, осындай еліміздің туын көкке көтеріп жүрген батырларымыздың барына қуанамыз. Төрткүл дүние көз тіккен олимпиадада бүкіл түркі халқы сіздерге жанкүйер болды. Сіздер үшін тақымымызды қысып отырдық. Сіздердің әлемдік аренадағы жеңістеріңіз — Қазақстанның үлкен мақтанышы, ал Азат Күмісбаев секілді жергілікті спортшылардың жетістіктері — біздің өңірдің болашағына үлкен сенім ұялатады. Біздің жастарымыз сіздерден үлгі алып, жаңа белестерді бағындыруға талпынады. Бұл жеңістер спорттың дамуына жаңа серпін береді", — деді Нұрдәулет Қилыбай.
Аймақ басшысы жеңімпаздарға Маңғыстау облыстық Дзюдо федерациясының атынан арнайы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, 12-13 қазан күндері Ақтау қаласындағы "Халық арена" спорт кешенінде Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Халықаралық Ашық Азия кубогы өтеді. Дзюдо шеберлері арнайы қонақ ретінде қатыспақ.