АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Дәрігерлер әкім орынбасарының жағдайы туралы түсініктеме берді.
"Ауруханада науқасқа шұғыл операция жасалған. Операция барысында қан кету тоқтап, жарақаттанудан болған зақым қалпына келді. Алған жарақатына байланысты ота жасау уақыты ұзаққа созылды. Өміріне қауіп жоқ. Қазір науқас есін жиды. Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды. Күдікті ұсталды. Берденовке ота жасалды.