Ақтауда оқушы қыздар бір-бірін "талдырып" ойнаған

Мектеп директоры тәртіптік жауапқа тартылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 сәуір - Sputnik. Маңғыстау облысы Ақтау қаласында мектепте оқушылардың оқыс ойыны қоғамның жағасын ұстатты. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.
Оқиға 18 сәуірде болған. Бейнежазбада оқушылар мектепте қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысып талдырғаны түсірілген.
"Бүгінгі таңда жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты оқушылардың әрекеті Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады", - дейді облыстық білім басқармасы.
Ал Ақтау қалалық білім бөлімі мектеп директорын тәртіптік жауапқа тартқан.
Қонаев қаласында қауіпті "ойынды" ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті