https://sputnik.kz/20221014/qonaev-qalasynda-qauipti-oyyndy-oynagan-oqushynyn-biri-aurukhanaga-tusti-28453960.html
Қонаев қаласында қауіпті "ойынды" ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті
Қонаев қаласында қауіпті "ойынды" ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қазан– Sputnik. Қонаев қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қорқынышты... 14.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-14T07:58+0500
2022-10-14T07:58+0500
2022-10-14T07:58+0500
қауіпті ойын
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АСТАНА, 14 қазан– Sputnik. Қонаев қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қорқынышты ойыннан сегізінші сыныптың оқушысы зардап шегіп, тістері сынған, деп хабарлады Almaty.tv.Аузы-мұрны қанжоса болған жасөспірім қазір ем алып жатқан көрінеді.Бейнежазбада ойын баласы ойыннан от шығарын білместен, сыныптасын қабырғаға қысып алып талдырып жатыр. Жиырма рет отырып тұрғызып, демі тарылғанда кеудесін қысып қалады. Миға оттегі жетпеген оқушы есінен танады.Оқушының ойын ойрандайтын ойындарға қазір желі де жұрт қарсы болып жатыр. Ең сорақысы олар түзден көргенін мектепте жасап көреді.Ойын балалары бұл әрекетін әдейі камерадан тыс жерде жасаған. Тіпті есікті жауып қалқалап қойған. Ал мектеп басшылығы барлық ата-анамен түсіндірме жұмысын жүргізген. Енді білім ордасындағы бақылауды күшейтпек."Бұл іске қатысты оқу бөлімінің жауапты өкілдері қатаң тәртіптік ескерту жасадыі. Сонымен қатар басқа да мектептер арасында алдын-алу шаралары жүргізілді. Зардап шегуші мен оның денсаулығына нұқсан келтірген оқушылар арнайы есепке алынды", – деді Қонаев ҚПБ аға инспекторы, полиция майоры Гүлмира Турина.Денсаулығына орташа жағдайда нұқсан келген оқушы қазір Алматыда ем алып жатыр дейді сынып жетекшісі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қауіпті ойын
Қонаев қаласында қауіпті "ойынды" ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті
АСТАНА, 14 қазан– Sputnik. Қонаев қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қорқынышты ойыннан сегізінші сыныптың оқушысы зардап шегіп, тістері сынған, деп хабарлады
Almaty.tv.
Аузы-мұрны қанжоса болған жасөспірім қазір ем алып жатқан көрінеді.
Бейнежазбада ойын баласы ойыннан от шығарын білместен, сыныптасын қабырғаға қысып алып талдырып жатыр. Жиырма рет отырып тұрғызып, демі тарылғанда кеудесін қысып қалады. Миға оттегі жетпеген оқушы есінен танады.
Оқушының ойын ойрандайтын ойындарға қазір желі де жұрт қарсы болып жатыр. Ең сорақысы олар түзден көргенін мектепте жасап көреді.
Ойын балалары бұл әрекетін әдейі камерадан тыс жерде жасаған. Тіпті есікті жауып қалқалап қойған. Ал мектеп басшылығы барлық ата-анамен түсіндірме жұмысын жүргізген. Енді білім ордасындағы бақылауды күшейтпек.
"Тұрақты жұмыс жүргізіп отырамыз. Семинарлар өткізеді. Ата-аналармен де жұмыс істейміз. Вебинарлар да өтеді, біз қатысамыз. Бұл жерде меніңше екі жақтың да кінәсі болып тұр. Біздің де кәнімізді жоқ деп айта алмаймын. Өйткені бақылау болмаған", – деді №5 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Мақпал Төлеуханқызы.
"Бұл іске қатысты оқу бөлімінің жауапты өкілдері қатаң тәртіптік ескерту жасадыі. Сонымен қатар басқа да мектептер арасында алдын-алу шаралары жүргізілді. Зардап шегуші мен оның денсаулығына нұқсан келтірген оқушылар арнайы есепке алынды", – деді Қонаев ҚПБ аға инспекторы, полиция майоры Гүлмира Турина.
Денсаулығына орташа жағдайда нұқсан келген оқушы қазір Алматыда ем алып жатыр дейді сынып жетекшісі.