АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтау қалалық сотының төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Антикор.
"Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Олар сотталушыдан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесу үшін 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.
Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.