Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2025
Жазылу
Ол жеке сот орындаушымен келісіп, сотталушыдан 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтау қалалық сотының төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Антикор.
"Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Олар сотталушыдан бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза кесу үшін 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.
Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Орал қалалық сотының төрағасы 10 күнге қамауға алынды
Жаңалықтар
0