АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. 21 сәуір күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Алматы әуежайында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді.
Бұл ретте әуе көлігінің және автомобиль қозғалысына шектеу қойылмайды, деп хабарлады терроризмге қарсы жедел штаб.
Жедел штаб оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, оқу-жаттығуларға қатысқандардың талаптарын орындауды және жалған ақпарат таратпауды сұрайды.
Штаб қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы да еске салды.