Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіске 80 жыл: Астанада өтетін парадқа әскери әуе күштерінің армиялық авиациясы келді

Мерекелік шеруге майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60-тан аса ұшу кемесі қатысады
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір - Sputnik. Ми-17, Ми-35 және Ми-171Ш тікұшақтары Астана қаласындағы 19132 әскери бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Бұл әуе кемелері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.
"Армиялық авиация экипажын әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров бастаған әскерилер дәстүрге сай ұлттық нақышта – қымыз және бауырсақпен қарсы алды. Бұл шара алдағы тарихи парадқа дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, әскери парадқа майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 60-тан аса ұшу кемесі қатысады.
Жеңістің 80 жылдығы
Жеңіске 80 жыл: Астанадағы парадта аты аңызға айналған танктер мен зеңбіректер болады