АСТАНА, 18 сәуір - Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 21 сәуірде сағат 12.00-де ҰОС Жеңісінің 80 жылдығына орай "белгісіз соғыс батырлары" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Әскери-тарихи мұражай Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында қандай жұмыстар атқарып жатыр, мұражай қоры қандай тарихи жәдігерлермен толықтырылды? Жастар 500 қазақстандық - Кеңес Одағының Батырларының ерлігі туралы біле ме? Тарихтың тағлымы туралы спикерлер айтады.
Спикерлер:
Дәулет Төлеутайұлы Қадыров, әскери-тарихи музейдің директоры;
Жан Құрмашұлы Жаналиев, әскери-тарихи мұражайдың ғылыми қызметкері.
Іс-шара Sputnik Қазақстан сайтында және Вконтакте әлеуметтік желісінде 21 сәуір сағат 12:00-де (Астана уақыты бойынша) тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрметті журналистер, іс-шараға аккредиттеу мәселелері бойынша көрсетілген байланыс нөміріне хабарласуға болады: моб.: + 7 707 854 4162 (Айбек) немесе e-mail: a.manabaev@sputniknews.com