АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен аптада туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына барған болатын. Министр онда визит-орталық пен қонақ үй кешенін салу жоспарланып отырған орынды қарап шықты.
12 Наурыз 2022, 13:37