https://sputnik.kz/20220312/bozzhyra-shatqaly-avtozhol-23467004.html
Бозжыра шатқалына дейін автожол салу жоспарланып отыр
Бозжыра шатқалына дейін автожол салу жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 46 миллион теңге қажет 12.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-12T13:37+0500
2022-03-12T13:37+0500
2022-03-12T13:37+0500
автожол
/i/logo/logo-social.png
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстандағы әйгілі Бозжыра шатқалына апаратын 35 шақырымдық жол салынбақ, деп хабарлады "Лада" порталы.Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге 46 миллион теңге қажет екенін, 14 миллион теңге бөлініп қойғанын хабарлады.Жоба мақұлданса, жақын арада жол құрылысы басталады."2022 жылы Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек ауылдарында ұзындығы 7,5 шақырым болатын жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. 7,6 шақырымдық Құрық ауылының жолын салу бойынша жұмыстың екінші кезеңін бастап жатырмыз. Бүгінгі таңда 436,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар Құрық-Жетібай тасжолының 64 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – "Ақжол құрылыс" ЖШС", - деді аудан әкімі.Сондай-ақ аудан басшысы 2021 жылы ұзындығы 4,1 шақырым болатын Жаңаөзен – Құланды тасжолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша Бостан ауылында 2,7 шақырым елді мекенішілік жолдың құрылысы аяқталды (келісімшарт құны – 131,5 миллион теңге), сондай-ақ 261 миллион теңгеге Жетібай ауылындағы бес шақырым тасжолдың құрылысы жүргізілді. Мұнда тағы 12 шақырым елді мекенішілік жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа 311 миллион теңге бөлінді", деді Қыдырберді Беков.Бозжыра шатқалына қатысты дауЕске салайық, бұған дейін Бозжыра шатқалында бизнесмендер қонақүй салмақ болғанда дау шыққан еді. Бұл жұртшылық пен экологтардың наразылығын тудырды. Жағдайға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты, ол жобаны қайта қарауды тапсырды. Біраз уақыттан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев шатқалда ешқандай құрылыс жүргізілмейтінін мәлімдеді.Шенеуніктердің уәдесіне қарамастан, шатқал аумағында құрылыс техникасы тұр. Маңғыстау облысының әкімдігі бұл топырақты зерттеуге арналған бұрғылау қондырғысы екенін мәлімдеді.Содан кейін жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда болашақ қонақ үй кешенінің эскизі таныстырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автожол
Бозжыра шатқалына дейін автожол салу жоспарланып отыр
Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 46 миллион теңге қажет
НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстандағы әйгілі Бозжыра шатқалына апаратын 35 шақырымдық жол салынбақ, деп хабарлады "
Лада" порталы.
Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге 46 миллион теңге қажет екенін, 14 миллион теңге бөлініп қойғанын хабарлады.
Жоба мақұлданса, жақын арада жол құрылысы басталады.
"2022 жылы Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек ауылдарында ұзындығы 7,5 шақырым болатын жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленеді. 7,6 шақырымдық Құрық ауылының жолын салу бойынша жұмыстың екінші кезеңін бастап жатырмыз. Бүгінгі таңда 436,7 миллион теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар Құрық-Жетібай тасжолының 64 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мердігер – "Ақжол құрылыс" ЖШС", - деді аудан әкімі.
Сондай-ақ аудан басшысы 2021 жылы ұзындығы 4,1 шақырым болатын Жаңаөзен – Құланды тасжолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша Бостан ауылында 2,7 шақырым елді мекенішілік жолдың құрылысы аяқталды (келісімшарт құны – 131,5 миллион теңге), сондай-ақ 261 миллион теңгеге Жетібай ауылындағы бес шақырым тасжолдың құрылысы жүргізілді. Мұнда тағы 12 шақырым елді мекенішілік жолды жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл мақсатқа 311 миллион теңге бөлінді", деді Қыдырберді Беков.
Бозжыра шатқалына қатысты дау
Еске салайық, бұған дейін Бозжыра шатқалында бизнесмендер қонақүй салмақ болғанда дау шыққан еді. Бұл жұртшылық пен экологтардың наразылығын тудырды. Жағдайға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты, ол жобаны қайта қарауды тапсырды. Біраз уақыттан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев шатқалда ешқандай құрылыс жүргізілмейтінін мәлімдеді.
Шенеуніктердің уәдесіне қарамастан, шатқал аумағында құрылыс техникасы тұр. Маңғыстау облысының әкімдігі бұл топырақты зерттеуге арналған бұрғылау қондырғысы екенін мәлімдеді.
Содан кейін жұмыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда болашақ қонақ үй кешенінің эскизі таныстырылды.