Қазақстан жолдарында АҚШ технологиясы сынақтан өтеді

Қазақстан жол сапасын жақсарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады
Sputnik
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді, деп хабарлады "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Қазақстан жол сапасын жақсарту және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады. Биыл заманауи Superpave технологиясы, яғни "суперасфальт" стандарты енгізіліп, жеті жолда сынақтан өтеді.
"Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – АҚШ-тың мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Бұл жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін анықтайды", – деп атап өтті Әмірбаев.
Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.
Қазақстанның орталығы мен батысын байланыстыратын жаңа жол салынады