https://sputnik.kz/20250418/qazaqstan-zholdarynda-aqsh-tekhnologiyasy-synaqtan-otedi-52603469.html
Қазақстан жолдарында АҚШ технологиясы сынақтан өтеді
Қазақстан жолдарында АҚШ технологиясы сынақтан өтеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан жол сапасын жақсарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T13:19+0500
2025-04-18T13:19+0500
2025-04-18T13:19+0500
жол
жаңа технологиялар
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36027765_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_81f8d27b3571cb0824ec809d8847d581.jpg
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді, деп хабарлады "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.Қазақстан жол сапасын жақсарту және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады. Биыл заманауи Superpave технологиясы, яғни "суперасфальт" стандарты енгізіліп, жеті жолда сынақтан өтеді."Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – АҚШ-тың мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Бұл жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін анықтайды", – деп атап өтті Әмірбаев.Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.
https://sputnik.kz/20250314/qazaqstannyn-ortalygy-men-batysyn-baylanystyratyn-zhana-zhol-salynady-51619515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36027765_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_a13544147d3b2130b4e9d40f8c7bd505.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, жаңа технологиялар
Қазақстан жолдарында АҚШ технологиясы сынақтан өтеді
Қазақстан жол сапасын жақсарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады
АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik. Жол-құрылыс маусымы аясында республикалық маңызы бар жеті жолда Superpave технологиясы сынақтан өтеді, деп хабарлады "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Қазақстан жол сапасын жақсарту және олардың қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жаңа кезеңге қадам басады. Биыл заманауи Superpave технологиясы, яғни "суперасфальт" стандарты енгізіліп, жеті жолда сынақтан өтеді.
"Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – АҚШ-тың мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальтбетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Бұл жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін анықтайды", – деп атап өтті Әмірбаев.
Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.