Жеңістің 80 жылдығы

Қарағандылық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі 80 шақырымдық марафонды ардагерлерге арнады
Sputnik
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қарағандылық әскери қызметші Тимур Ержанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді.
Ол бұл марафонды майданда қаза тапқан батырлар мен бүгінде көзі тірі ардагерлерге арнап отыр. Спортшы жүгіруді Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Шешенқара кентінде бастап, өз әскери бөлімінде аяқтады.
Тимурды бөлім қолбасшылығы, әріптестері құрметпен қарсы алды.
Қарағандылық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді
"Осы қашықтықты жүгіру арқылы жігерлі мінезіңізді, жауынгерлік рух пен төзімділігіңізді көрсеттіңіз. Біздің қатарымызда Сіз сияқты сарбаздарға үлгі болатын нағыз патриоттар бар екенін мақтан тұтамыз", – деп атап өтті 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Бралинов.
Қарағандылық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді
7 сағат 21 минут 11 секундқа созылған жүгіріс кезінде әр 10 шақырым сайын ауысып отырған әріптестері марафоншымен бірге жүгірді. Әйтсе де Тимур Ержанов негізгі қашықтықты жалғыз жүгіріп өтті.
Қарағандылық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді
"Мен жүгірумен көптен айналысамын. Марафондарға да жиі қатысып тұрамын. Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай символдық қашықтықты жүгіруге бел будым. Сол арқылы майданда қаза тапқандар мен ардагерлерге құрмет көрсеткім келді. Бөлім басшылығына қолдауы үшін командаға рахмет айтамын", – деді Ержанов.
Қарағандылық әскери қызметші Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымға жүгірді
Марафоншыны қолдауға оның туыстары да келді. Тимур жұбайы Жанармен бірге Айару, Амина және Рассул есімді үш бала тәрбиелеп отыр.